Экономика
Оларды ресей миллардері сатып алады
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Forbes тізіміндегі Роман Троценко Petropavlovsk алтын өндіруші компаниясының акцияларын Кеңес Ракишевтен сатып алып, компанияның ірі акционері атанбақ. Нарықта мұндай пакет шамамен $ 90 млн - ға бағаланады. Бұл туралы Forbes басылымы хабарлайды.
Ресейлік "Альтаир" үкіметтік емес ұйымы қазақ кәсіпкері Кеңес Рақышевтің Fincraft Resources тобына кіретін Fincraft Holdings компаниясын сатып алады, деп жазылған Petropavlovsk сайтында жарияланған құжаттарда. Fincraft Holdings балансында Petropavlovsk акцияларының 22,42% бар. Бұл туралы тараптар 11 шілдеде келісіпті.
"СПАРК" жүйесінің мәліметтері бойынша, "Альтаир" ҮЕҰ ресейлік миллиардер Роман Троценкоға тиесілі.