Саясат

Әскери баспанамен пәтер алудың келесі кезеңі қашан басталады?

Әскерилерге баспана берудің екінші кезеңі аяқталып, үшінші кезеңі басталмақ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өскемен қаласында жарты жылдың ішінде мыңға жуық салымшы баспаналы болды. Оның ішінде 260-сы – «Әскери баспанамен» үйлі болғандар.

Әскерилерге баспана беру бағдарламасының екінші кезеңі осы жылдың мамыр айынан басталған болатын. Бағдарламаға деген сұраныс жоғары болғандықтан, бір жылға есептелген лимит бір айдың ішінде-ақ үлестіріліп, биылға бөлінген 60 млрд теңге толықтай игерілді. Бүкіл республика бойынша бір айдың 3800 әскери қызметкер баспаналы болды.

- Енді «Әскери баспана» бағдарламасының келесі – үшінші кезеңі 2020 жылдың қаңтар айынан басталады. Бұл бағдарламаның аясында әскери салада жұмыс істейтін мамандар 8%-дық мөлшерлемемен баспана сатып ала алады. Ал алғашқы жарна пәтер құнының 15%-на тең, - деп хабарлайды «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.

«Әскери баспана» бағдарламасына биыл біршама жеңілдіктер енгізілген болатын. Атап айтар болсақ, былтырғыдай үй таңдауда ешқандай шектеулер жоқ. Әскери қызметкерлер өздері үй таңдап, банкке барып ұсыныс бере алады. Яғни, екінші нарықтағы баспаналарды да, жер үйлерді де сатып алуға болады.