Саясат
Өзбекстан президенті
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Тараптар соңғы жылдары қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында Қазақстан-Өзбекстан арасындағы көпқырлы ынтымақтастық тың серпін алып, жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Өзара сауда көлемінің артуымен және экономикалық қатынастардың нығаюымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың белсенді дамып келе жатқанына назар аударылды.
Атап айтқанда, 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы табысты өтті, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында іс-шаралар өткізілуде. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев күн тәртібіндегі өңірлік мәселелерді де талқылады. Тараптар тату көршілік рухында және екі ел халқының игілігі жолында дамып келе жатқан Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық қатынастары одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.