Bugin

Елорда жұмыссыздар көп аймаққа айналды

Астанадағы жұмыссыздар солтүстікке көшірілуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша,  қазіргі уақытта ел астанасы «жұмыс күші артық» өңірлердің қатарына еніп үлгерген.

Ал жұмыспен қамту және халықты жаппай кәсіпкерлікке тартуға арналған  "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының бірі – жұмыс күші артық өңірлердегі азаматтарды жұмысшы тапшы өңірлерге көшіру болып отыр.

- Бұл бағыт бойынша 4 мың азамат оңтүстіктен солтүстікке көшті. Жыл соңына дейін біз 10 мың адамды көшіруіміз керек, – деді министрдің бірінші орынбасары.

Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, Үкімет қоныс аударуған отбасының әрбір мүшесіне 88 мың теңгеден субсидия бөреді. Сонымен қатар, бір жыл бойғы үй жалдау ақысы және коммуналдық қызмет төлемдерін өтейді.

Одан бөлек, "Еңбек" бағдарламасымен қоныс аударған қазақстандықтардың 65% ғана жұмыс тапқан. Биыл 2253 отбасы, яғни 10 мың адам қоныс аударылады. Ал, бұған дейін көшірілген 4 мың адамның 2 мыңы (65%) екі қолға бір күрек тапқан.

"Еңбек" бағдарламасының аясында Павлодар облысында "Нұрлы Ертіс" пилоттық жобасы іске асырылады. Ол бойынша жыл басынан бері Елордадан Екібастұзда 103 көпбалалы отбасы (600-дей адам) көшірілген.

Вице-министрдің сөзіне сенсек, олардың бәрі тұрғын үймен қамтылған. 80%-на жұмыс табылған. Балалары балабақша, мектеппен қамтамасыз етілген. Бағдарлама тиімділігін көрсеткенге ұқсайды. Жыл соңына қарай астанадан Екібастұзға тағы 200-ден астам отбасы қоныс аударады екен.

Informburo.kz