Саясат

Талғат Ардан әлем бойынша іздестіріліп жатыр

Оған халықаралық іздеу жарияланған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Астана LRT" ЖШС басқарма төрасы болған Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы компания басшысы Бекмырза Игенбердинов үкіметте брифингте айтты. 

"Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы болған Талғат Арданға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тергеушілері қылмыстық іс қозғады. Соттың сырттай шешімі бар. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Қазір Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр", - деді Игенбердинов.

Талғат Ардан 2017 жылы 27 шілдеде қызметінен босатылған еді.  Осыған дейін, Әсет Исекешев Астана әкімі (қазіргі Нұр-Сұлтан) болып тұрған кезінде Талғат Арданға елорданың теміржол вокзалының маңайындағы автотұрақты сапасыз ұйымдастырғаны үшін сөгіс жариялаған болатын.

tengrinews.kz