Саясат
Қызды құтқарып қалған қостанайлық заң алдында жауап береді
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Оқиға 23 маусым күні Қостанай қаласындағы Амангелді көшесінің бойында болған. №15 балабақшаның күзетшісі пульттік күзетті көмекке шақыру үшін дабыл пернесін басқан. Оқиға орнына жеткен пульттік күзет қызметкерлері 3 жігіттің бойжеткенді зорлық көрсетіп жатқанын көрген. Мұнан соң қылмыскерлер жан-жаққа қаша бастаған. Қылмыскерлердің біреуін тоқтатпақ болған пульттік күзет қызметкері оқ атқан.
«Қару қолданылған кез келген жағдайдың заңдылығына тексеру жүргізіледі. Оқ атқан күзет қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 252 бабы, 2 бөлігі бойынша (Жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы) іс қозғалды. Бірақ, осы оқиғаға байланысты жан-жақты тексеру шаралары жүргізіліп, шешім шығады. Заң осылай», - деп атап өтті полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар тексеру жұмыстарын прокуратура қадағалайды.