Саясат
Кешірім сұрау да оңай емес
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алманияның сыртқы істер министрі Хайко Маас Екінші дүниежүзілік соғыс барысында, нацистердің жасаған қылмыстары үшін поляк халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Deutsche Welle.
Варшава көтерілісінің 75 жылдығына арналған ресми іс-шара барысында Маас өз елінің, Варшава және өзге қалалардағы болған "қорқыныш" үшін жауапты екенін айтты. Министрдің айтуы бойынша, немістердің жасаған қылмыстарын "сөзбен жеткізу мүмкін емес".
- Сіздің елде немістер жасаған және немістер үшін жасалған іс-әрекеттер үшін ұяламын. Сондай-ақ, соғыстан кейінгі уақытта бұл туралы ұзақ жылдар бойы үнсіздік танытқанымыз үшін ұяламын, - деп мәлімдеді Маас.
Бұдан бөлек, сыртқы істер министрі Берлин қаласында, нацистердің құрбаны болған поляктарға ескерткіш ашуды қолдайтынын айтты.
- Бұны бұрыннан жасау керек еді. Бұндай ескерткіш Польшаға қатысты жай ғана татуласу белгісі ғана болмайды. Немістердің өздері үшін де үлкен маңызға ие болатын еді, - деді министр.