Саясат
Атамбаевқа тағылған айып қандай?
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың адвокаты оны қамаудан шығару үшін халықаралық сотқа шағымданғалы жатқанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы knews.kg сайтына сілтеме жасап.
Атамбаевтың заңгері Сергей Слесарев тағылған айыппен келіспейтінін және елдегі сотына сенбейтінін айтып отыр.
- Азаматтарға қалай қысым көрсетіліп жатқанын өз көзіммен көрдім. Сондықтан біз дау-дамайды шешу үшін халықаралық сотқа жүгінуіміз мүмкін, - дейді Слесарев.
Атамбаевқа нақты қандай айып тағылып отырғаны, Қылмыстық Кодекстің қай бабына сәйкес жазаға тартылатыны әлі белгісіз.
Айта кеткен жөн, Қырғызстанның құқық қорғау органды кеше
Атамбаевты резиденциясынан ұстап әкеткен болатын. Оған жемқорлық жасады деген айып тағылып отыр. Оған Бішкек жылу электр стансасын жаңарту кезінде ақша қымқырды және қолдан медициналық анықтама жасап қылмыс әлемінің өкілі Азиз Батықаевты босатып жіберді деп айып тағылуда.
Ал бұған дейін
Қырғызстанның президенті Сооранбай Жээнбеков Атамбаевқа адам өлтіруге қатысы
бар күдікті ретінде айып тағылуы мүмкін екендігін айтқан болатын.
Әзірше Атамбаев 26 тамызға дейін уақытша қамақта болмақ.