Bugin

Боксшы Жанқош Тұраров тағы да әке атанды

Кіші қызын ханшайым дейді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сүйінші хабарды боксшының өзі Instagram желісіндегі парақшасында жеткізген.  

- Ассалаумағалейкум бауырлар. Алланың бергеніне де бермегеніне де шүкір етемін, бүгін таңның атысымен қозымның сіңілісі, екінші ханшайымым дүние есігін ашты, әр қазақтың отбасында осындай қуаныштар көп болсын, балалы немерелі, шөберелі бола беріңіздер! Анасына рахмет, мені жәннатқа бір қадам жақындатқан, - деп жазба қалдырған.

29 жастағы Жанқош Тұраров Жамбыл облысы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 2009 жылдан бері кәсіпқой бокс саласында жұдырықтасып келеді.

Осы күнге дейін 24 жекпе-жек өткізіп, оның бірде-бірінде жеңілмеген. Ал 17 қарсыласын нокаутпен жеңген.