Саясат
Оны заңгері Сергей Слесарев мәлімдеді
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Адвокаттың айтуынша, Алмазбек Атамбаев тергеу материалдары мен құжаттарға қол қоюдан бас тартқан, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.
- Алмазбек Шаршеновичке әкелген құжаттардың барлығына қол қоюдан бас тартты. Бұл - кез келген азаматтың жеке құқығы. Атамбаев дұрыс жасады. Өйткені оған қатысты жасалып жатқандардың барлығы – заңсыздық, - дейді Слесарев.
Айта кеткен жөн, Қырғызстанның құқық қорғау органдары Атамбаевты кеше, 8 тамыз күні сағат 19.30-да ұстап, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне әкеткен болатын. Соңғы деректерге қарағанда, екі күнге созылған қақтығыста барлығы 98 адам жарақат алған.