Weekend

Мәскеудегі Құрбан Байрам

Мешіттегі рекорд

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]


Мәскеудегі Собор мешітіне мыңдаған мұсылман жиналып, Құрбан айт намазын оқып, дұға жасады. Бұл туралы жексенбі, 11 тамызда РЕН ТВ хабарлайды. 

Арнаның хабарлауынша, діндарлар мешітке таң атпастан келген. Көптеген мұсылмандар сыртта жайылған кілемшелерде отырып уағыз тыңдады. Намаз аяқталғаннан кейін олар үйіне барып, жақын адамдарымен мерекені тойлайды. Биыл Мәскеуде айт намазына жиналушылардың саны рекордтық деңгейге жеткен. Желі қолданушылары Мәскеу мешітіндегі суреттерін желіге жүктеуде. Суреттерден адамдардың көп келуіне байланысты жолдардың толығымен жабылғанын көруге болады.