Саясат
9 түрлі қылмыс бойынша айыпталып жатыр
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Ал Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың өзі тағылып отырған айыптарды естіп, таңқалып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы knews.kg сайтына сілтеме жасап.
Атамбаевтың адвокаты Сергей Слесаревтің айтуынша, оған 9 түрлі қылмыс бойынша айып тағылып отыр.
- Өзіне тағылған айыптарды естіп, қатты таңқалды әрі куәлік беруден бас тартты, - дейді Слесарев.
Атамбаевқа бұған дейін ҚР ҚК-нің «Жаппай бассыздық ұйымдастыру», «Адам өлтіруді ұйымдастыру», «Адамға қастандық жасауды ұйымдастыру», «Тұтқындарды ұстауды ұйымдастыру» сынды айыптар тағылып отыр.
Бұларға жаңадан қосылған тағы да екі айып бар: ол – Бішкек ЖЭС-ін жаңарту мен Форум ғимаратын сатып алуда жемқорлыққа барды деген айып. Форум ғимараты – Бішкек қаласының ортасындағы қосқабатты ғимарат, Атамбаевтың штаб-пәтері. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, бұл ғимаратты сатып алу кезінде Атамбаев бірқатар заңбұзушылықтарға барған.