Bugin

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Министрлік Қытайдан хабар күтіп отырғанын мәлімдеді

Сыртқы істер министрлігі 2015 жылы Қытайда сотталған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімет берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі кезде Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты барлық материалды зерделеп жатыр. Аталған іс екінші инстанцияға жолданды.

- Біз аппеляциялық шағым бойынша екінші отырыстың өтетін уақыты туралы Қытайдан хабар күтіп отырмыз. Әзірше ол отырыстың датасы белгісіз. Министрлік және елшілік аталған істі жіті бақылауда ұстап отыр, - дейді Смадияров.

Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық дипломаттар Ақжарқынға жиі барып тұрады.

- Олар ата-анасының хаттарын апарып отырады. Оған кітап сатып алып береді. Ақжарқынның жағдайы жақсы. Ешқандай шағым түсірген жоқ, - деп атап көрсетті Смадияров.

Sputnik Қазақстан