Денсаулық

Онкологиялық аурулардың диагностикасы тегін болады

Қазақстанда 185 мыңға жуық онкологиялық науқас бар. Жыл сайын 35 мыңға жуық жаңа ауру оқиғасы тіркеледі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстанда 185 мыңға жуық онкологиялық науқас бар. Жыл сайын 35 мыңға жуық жаңа ауру оқиғасы тіркеледі. Қазақстанда онкологиялық аурулардың диагностикасы - тегін. Мамандар обырды жеңуге болады деп айтады. Тек оны неғұрлым ерте кезінде анықтаған маңызды. Міндетті медициналық сақтандыру аясында дәрігерлер емделгендердің санын арттырып, Еуропа елдерімен салыстыруды жоспарлап отыр, хабарлайды Zakon.kz.

Пациенттердің шамамен 60%-ы аурудың бастапқы сатысында анықталуы мүмкін. Онкология және радиология институты директорының айтуынша, барлық қажетті емді науқастар тегін алады. Дегенмен,  қымбат диагностикалық процедуралар да бар, олар үшін әлі де төлеуге тура келеді.

- Міндетті медициналық сақтандыру аясында науқастарды химиотерапиямен, таргеттік терапиямен, молекулалық-генетикалық зерттеулермен қамтамасыз етуге келесі жылы 35 млрд теңге бөлінеді. Емделушілер үшін бұл тегін жүргізілетін болады, - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.

Сонымен қатар, онкологтың жолдамасы бойынша пациенттер МРТ және КТ аппараттарында тегін тексеру мүмкіндігіне ие болады. Бұл ауруды бірінші кезеңде анықтауға және дереу емдеуге кірісуге мүмкіндік береді. Қазір мұндай науқастардың сауығу мүмкіндігі, шамамен Қазақстанда - 50%, Еуропада - 70%. Бірақ жаңа диагностикалық мүмкіндіктермен бұл көрсеткіш артады.