Саясат

Украина: Қиын ба? Қырымды босатыңдар!

Түбекте су мәселесі өршіп тұрған көрінеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Украина Қырымды сумен жабдықтауды қалпына келтірудің шартын атады.

- Қиын болып кетті ме? Қырымды босатыңдар! Біз келіп, су мәселесін де, электр энергиясы мәселесін де, басқа да мәселелерді шешеміз. Қырымдағы Украина азаматтары бұрынғыдай еркін дем алатын болады, аумақ дамиды, пойыздар жүреді, ұшақтар ұшады, — деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленскийдің Қырымдағы өкілі Изет Гданов.

Оның айтуынша, Украина үшін Қырым мәселесі стратегиялық болып қала береді, ал Қырымды сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру туралы әңгіме бастаудың бірден-бір шарты - түбекті Украинаға қайтару болып табылады.

2014 жылы Ресейге қосылғаннан кейін Қырым, сумен жабдықтау мәселесіне тап болды. Оған себеп, Украинаның Солтүстік-Қырым арнасы бойынша Днепр суын жеткізуді тоқтатуы еді. Херсон облысы мен Қырымның суы аз және құрғақшылық жайлаған аумақтарының Днепр суымен қамтамасыз ету үшін 1960-ші жылдары салынған арна, түбектің су қажеттілігінің 90 пайызын жабатын еді.