Hi-Tech
Технологиялық компаниялар тағайындаған сыйақылардың ішіндегі ең ірісі
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Apple iPhone-ды бұзып ашқан адамға бір миллион доллар төлейді. Бұл ірі технологиялық компаниялардың шыққан өнімнің осал жерлерін анықтау үшін жасайтын амалы еді әрі мұндай марапат сомасы бұрын-соңды болмаған болатын.
Мұндай бұзу форматы «этикалық хакинг» деп аталады. Бұған дейінде Microsoft компаниясы өз жүйелерін бұзу үшін сыйақы жарияласа, ал Facebook өз уақытында бағдарламасындағы осалдықты анықтағаны үшін ондаған мың доллар төлеген болатын.
Apple компаниясы iPhone және Mac-тың осал жерлерін іздеу үшін ұсынуға дайын соманы 200 мың доллардан 1 миллионға дейін арттырды. Осылайша, бір кездері технологиялық компаниялар тағайындаған сыйақылардың ішіндегі ең ірісі болды, деп жазады Forbes басылымы.
Apple-дан миллион доллар алу үшін хакерлер iOS операциялық жүйесін бұзып ашулары керек. Бірақ олар автономды, яғни пайдаланушы өзі қандай да бір бағдарламаны ашқанға немесе iPhone-нан бір нәрсені басқанға дейін ашып үлгерулері керек.
Бұдан басқа да марапат түрлері қарастырылған. Мысалы, «пайдаланушымен өзара іс-қимылды талап етпейтін желілік шабуыл» жасайтын хакерге 500 мың доллар сыйақы беріледі. Жаңа БҚ-ның осал тұстарын тапқан бұзушыларға да бонустар беріледі.
Бұл жолы Apple марапат сомасына қатысты ғана емес, сондай-ақ оны алудың тәсілін де өзгертті. Енді жүйенің осал жерлерін іздеуге кез келген адам қатыса алады, ал бұрын ақша тек компанияның өзі бағдарламаға шақырған хакерлерге ғана төленген болатын.
360tv.ru