Weekend

Ринат Зайытов атақты болмай тұрып кім болған?

Бәріміз жақсы танитын айтыскер ақын, халық жанашыры, соңғы уақыттары халық аузынан түспеген Ринат Зайытов танымал болмай тұрғаны жайлы сөз қозғайық

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ринат ағамыз атақты болмай тұрып, 13 жасында ата-анасының ажырасуын басынан кешірген. Иә, кез келген өсіп келе жатқан жасөспірімге бұл қатты соққы болатыны анық. Дегенмен, алдына оны күтіп тұрған жеңістерге деген сенімі мықты болды.

  • Актер болмайтынын кейіннен білсе де, Ринат Зайытов драма театр актері мамандығы бойынша М. Тулебаев атындағы музыкалық колледжін бітірген. Алайда өзінен сұхбат алған журналисттерге егер де киноға түсетін болса, соғыс, ерлік, батырлық жайлы киноларға түсетінін айтқан.
  • Танымалдылық келмей тұрып ағамыз ерте жасынан айтыстарға қатысып өзіндік стилін көрсете бастаған. Нақтылап айтар болса, 17 жастан бастап Ринат Зайытов Семей қаласындағы жастар театрында жұмыс жасап жүріп те айтыстарға белсенді қатысқан. Көптеген жарыстардан беделді орындар алып жүрген. Осы жанрға жан тәнімен берілгенін бүгінгі күнгі жеңістерінен байқауға болады.
  • Барлығымыз Жанар Дұғалованың Turkvision-де жеңіске жеткенін жақсы білеміз. Барлық БАҚ құралдары ол жайлы ақпаратты тоқтамай таратып отырды. Дәл сол әннің сөзін жазған кім деп ойлайсыз? Иә, өзіміздің Ринат Зайытов ағамыз. Өлең сөзін жазу өнері ағамызда әлі де биік шыңда тұр. Одан бөлек біршама хит болған туындылардың сөздерін жазған.
  • 2013 жылға дейін ағамыздың беделі айтыскер ақын болғанымен, желіде еш көрінбеді. Алайда осы жылдан кейін ағамыздың үкіметке айтқан наразылық видеолары, айтыстарында қолданылған сөздері желіде белең ала бастады. Дәл сол жылдың наурыз айында Үкімет, Назарбаев жайында айтқан сындары жайлы видеолар ютуб желісінде жүздеген мың қаралым жинады.
  • Бәрі біле бермейтін фактілердің бірі – Ринат Зайытов ағамыз Семей қаласында қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша мұғалім мамандығын тәмәмдаған. Яғни, күндердің күнінде сыныпқа келіп қазақ тілінен сабақ беріп жатса, таң қалмаңыз. Оған барлық мүмкіндігі бар.
  • Мінеки, Ринат Зайытов атақты болмай тұрып, осындай фактілер болған екен.



Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61