Weekend

15-ші тамыздың үздік фотосуреттері

Әлем бойынша үздік фотосуреттер

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

1. Ресей. Ural Airlines Airbus 321 жолаушылар ұшағы жүгері өрісіне апатты жағдайда қонғаннан кейінгі сурет. Фото: Reuters

2. Оңтүстік Корея. Елінің әскери оккупациядан босатылуына байланысты митинг кезінде, наразылыққа шыққан адам Күншығыс елінің бүлінген туын ұстап тұр. Фото: Lee Jin-man/AP

3. Франция. Қатты соққан жел өртті үрлеуде. 500-ден астам өрт сөндірушілер Францияның оңтүстігінде 900 гектар қарағай орманын жойған жалынмен күресуде. Фото: Raymond Roig/AFP/Getty Images.

4. АҚШ. Адамдар осы айдың басында Техаста орын алған жаппай атыстың құрбандарын еске алуда. Сол оқиғада 22 адам қаза тапқан еді. Фото: Sandy Huffaker / Getty Images.

5. Үндістан. Daredevils мотоцикл командасының сарбаздары елінің Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде трюктер орындауда.