Саясат

Семейде әлеуметтік бағамен көмір сатыла бастады

ШҚО

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі Амантай ӨтелбаевСемей қаланыңАқпарат орталығында өткен баспасөзмаслихатында мәлімдеді.

– Барлық дербес ұйым мен мемлекеттік мекемеге қалада жер үйде қанша адам тұратыны, қанша тонна көмір керектігін анықтау тапсырылды. Көмірдің тоннасы 7 400 теңге. Оған жеткізіп беру қаражаты қосылады. Біз бұл шараны араға делдалдар түсіп кетіп, халық қымбатшылыққа ұрынбау үшін ұйымдастырдық, – деді А.Өтелбаев.

ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісінің айтуынша, тас отынды тасымалдаумен «Жігер» ЖШС айналысады. Оларға барып тіркелу керек. Мекеменің бөлімшелері 72 квартал ауданында, Знаменка трассасында және Шығыс (Восточный) кентіндегі 6-шы саяжай ауданында орналасқан.