Саясат
Экс-президенттің қызы азаматтар мен кәсіпкерлердің мүліктерін зорлықпен өз компанияларының атына аудартқан деп айыпталуда
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Өзбекстан Бас прокуратурасы елдің бірінші президентінің қызы Гүлнәр Каримоваға қарсы жаңа қылмыстық істер қозғалғанын мәлімдеді.
Гүлнәр Каримова мемлекет қаражатын жымқыру, республика мүддесіне қайшы келетін келісімдер жасау және бопсалау жолымен аса ірі көлемде біреудің меншігін иемдену бойынша айыпталуда.
Халықаралық компания мен жекелеген азаматтардың арыздары бойынша тексерілген материалдар жаңа тергеу амалдарына негіз болған.
- Гүлнәр Каримованың өзге тұлғалармен келісу арқылы мемлекетке тиесілі "Кувасайцемент" және "Бекабадцемент" АҚ-ларының акциялар пакетін төмендетілген бағамен сатып алғаны анықталды, - деп хабарлады Өзбекстан прокуратурасы.
Тергеу болжамы бойынша, кейіннен Гүлнәр Каримова бұл акцияларды өз қамқорлығындағы шетелдік компанияларға қайта сатып отырған. Нәтижесінде Өзбекстан экономикасына аса ірі көлемде шығын келтірілген.