Саясат

200 мың теңге пара алған әкім 10 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Пара аламын деп айыппұл арқалады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі пара алғаны үшін айыппұл арқалады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Байзақ ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Қ. Шалбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Қ.Шалбаев Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жер телімін беру туралы оң шешім шығарғаны үшін 200 мың теңге пара аллды деген күдікпен ұсталған болатын. 16 тамызда Байзақ аудандық сотының үкімімен Шалбаевқа 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Аталмыш айыппұл сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде төленуі тиіс. Өйтпеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыру шарасына ауыстырылады», - делінген департамент таратқан ақпаратта.