Weekend
Жолаушыларға тек аялдама кезінде ғана темекі шегу мүмкіндігі беріледі
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгертулер енгізілді: жолаушыларға пойыздарда, оның ішінде кіреберісте (тамбурда) темекі шегуге тыйым салынды.
Жаңа енгізілім 2019 жылдың 21 тамызынан бастап күшіне енеді. Енді темекі тарту үзілісі станцияларда тоқтаған кезде ғана мүмкін болады.
- Жолаушылар пойыздарында темекі шегуге тыйым салынады. Бұл үшін біз 441-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Оларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады, - деді «Павлодар» стансасындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Архат Күленов.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бірінші рет ескерту жасайтын болады, бірақ қайталап бұзған жағдайда айыппұл салынады.
Pavlodartoday.com
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61