Bugin
Әкімдікке өтініш түсті
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алматы мен Елордадағы ЛГБТ ұйымының мүшелері мен белсенділері митинг өткізу туралы әкімдікке өтініш түсірді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы kok.team сайтына сілтеме жасап.
Елордалық белсенді Айдар Елкеев 22 тамыз күні «ЛГБТ-ұйымының заңды құқықтарын қорғауға» қатысты наразылық шарасын өткізу туралы әкімдікке өтініш әкеп тапсырған. Оның біріне елорданың әкімі Алтай Көлгіновке жіберілсе, екіншісі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа жіберілген.
"Электронды үкімет" порталы арқылы тіркеліп, жіберілген хатында ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Азаматтық және саяси құқық туралы" Халықаралық пактіне, «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заңына сілтеме жасай отырып, кез келген азаматтың жиналып, бейбіт түрде наразылық таныта алатындығын алға тартқан.
Өтініште наразылық шараларын 30 тамыз бен 8 қыркүйек күні өткізу туралы айтылған.
Егер әкімдік рұқсат еткен жағдайда, Астана қаласындағы митинг Пушкин көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысында өтсе, Алматыдағы шара "Сарыарқа" кинотеатрының алдында өтпек.
Бұған, шамамен, 1000 адам жиналады деген болжам бар.