Саясат

Атамбаевтың мүлкіне қойылған арест шешілді

Бірақ басқа мүліктері іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қырғызстанның Бас прокуратурасы Алмазбек Атамбаевтың мүлкіне қойылған арестің кейбірін шешіп тастады, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Knews.kg сайтына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, 20 мүлікке қойылған шектеу алынып тасталды: Бішкек қаласының мөлтек ауданында орналасқан 18 пәтер мен көпқабатты үй және «Телерадиоұйымы қауымдастығы» бірлестігі.

Дегенмен елдің Бас прокуратурасы Ұттық қауіпсіздік бөлімшелері мен Ішкі істер министрлігінің бөлімдеріне Атамбаев пен оның жанұясына тиесілі басқа да мал-мүлікті іздестіруге, одан жемқорлықтың белгілерін табуға тапсырма беріп отыр.

Айта кету керек, Қырғызстанның Бас прокуратурасы экс-президенттің 135 мүлкіне арест қойған болатын. 

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61