Саясат
Мыңдаған хабарлама келіп түскен
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Франция Президенті Эммануэль Макронның әйелі өзіне қатысты Президент Жаир Болсонарудың жазған «келемежі» үшін кешірім сұраған бразилиялықтарға жауап берді.
Бұған дейін Болсонару әлеуметтік желіде Франция мен Бразилия президенттерінің әйелдері бейнеленген фотоколлаждың астына:
- Енді сіздер Макронның Болсонарудың соңына неге түскенін түсіндіңіздер ме? Бұл – қызғаныш. Адамды кемсітпеңіз. Ахахаха... - деп жазған болатын.
Осыдан кейін бразилиялықтар Twitter-де «Кешіріңіз, Брижит» деп аударылатын #DesculpaBrigitte хэштегін таратқан. Хабарламаларда қолданушылар өздерінің президентінің бұл қылығы үшін ұялатындықтарын мойындады.
Le Parisien газетінің хабарлауынша, Брижит Макрон бразилиялықтардың кешірім сұрағаны туралы Биаррицтен кетерінен бұрын көп ұзамай білген. Бразилиялықтардың бұлай кешірім сұрауы оған да қатты әсер еткенге ұқсайды.
Болсонару жасаған «шабуылына» Франция президентінің өзі де түсініктеме берді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының әйелінің атына мазақ етуі - өкінішті нәрсе.
Макрон атап өткендей, ол Бразилия халқын құрметтейді және олар «мәдениетті президенттің елді басқарғанына лайық».