Экономика
Қазақстандықтардың деректерін жазуға міндеттеуді жоспарлап отыр
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қазақстандықтардың жеке мәліметтерін айырбастау пункттерінде сақтау туралы норманы не үшін енгізгісі келетінін түсіндірді.
- Деректерді тіркеу ақшаны жылыстатуға қарсы тұру мақсатында қажет. Қазір сіз банк арқылы іскерлік операцияларды жүзеге асырғанда, сіз іскерлік қарым-қатынасты орнатасыз және деректерді толығымен тіркейсіз. Егер ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл тұрғысынан халықаралық практикаға қарайтын болсақ, ақшаны бөліп-бөліп жылыстату дерегі әрқашан кездеседі. Ірі сома ақша қаражатын жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы Заңның қолданысына түсуі мүмкін, ұсақ сомалармен бірнеше рет келу арқылы заңға қайшылық тудырады,- деді Ұлттық банк басшысының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.
Ол бұл норманы енгізу қажеттілігі әлі де талқыланып жатқандығын айтты.
Ұлттық банк айырбастау пункттерінің жұмыс уақытын таңғы сағат 10-нан кешкі 19-ға дейін шектеуді, сондай-ақ оларды операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандықтардың деректерін жазуға міндеттеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, егер жаңа талаптар бекітілсе, айырбастау пункттерінің кассаларында 100 миллион теңгеден болуы тиіс.
Экономист Арман Байғанов Ұлттық банктің айырбастау пункттерінің қызметіне енгізген түзетулері теріс салдарларға әкелуі мүмкін деп санайды.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61