Bugin

Мәжіліс депутаты Иксанова отставкаға кетуге өтініш жазды

Оның өтінішін Орталық сайлау комиссиясы қарады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ал өтініш жазған Гүлнар Иксанованың сұрауы қанағаттандырылып, депутаттық өкілеттігі тоқтады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Мұстахымқызы Иксанованың орнынан түсуі туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Г.М. Иксанованың Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін", - делінген Орталық сайлау комиссиясының сайтында.