Woman

Жас қыз келін бола ала ма ?

Бесіктен белі шықпай босаға аттаған қыздардан үлгі аларлық ене шығуы екі талай

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қоғамда соңғы жылдары өте өзекті талқыланып келе жатқан мәселелердің бірі. Кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың тұрмыс құруы. Әсіресе, былтырғы жыл мен биылғы жыл басымырақ болып жатыр.

Елдің ауызынан "пәленшенің қызы үйленіпті, кеше ғана тоғызыншы сыныпты аяқтап еді немесе алып қашып кетіпті" деген сөздерді жиі естейміз. 

Бұл заманның азғаны ма жоқ әлде жаңа өрлеудің басталғаны ма бәрі тек Құдайға аян. Құдайға аян дейміз-ау, бірақ та саналы түрде қарайтын болсақ құптарлық жағдай емес. Себебі түрлі себептер бар. Енді ғана мектепті аяқтап, оның өзін де толық аяқтай алмай босаға аттаған қыздан қандай келін шығады? Бәрі - жұмбақ. 

Ешқандай мамандық игерместен, білім алмастан. Жоғарғы оку орынының қабырғасын көрместен келін болып отырған қыздар аянышты көрінеді. Бірақ әркімнің таңдау еркі өзінде. Қазір ХХІ ғасыр былай, олай деуге тағы болмас. 

Менен ескерту: қабылдау не қабылдамау сіздердің патша көңілдеріңізге байланысты.