Weekend

Daryn.online: ХХІ ғасырдағы білім беру платформасы

Қазақстанның білім саласында тың жоба іске қосылды!

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елімізде білім саласы жыл сайын дамуға жол алғанымен, ақылы білім беру орталықтары, арнайы пәнге дайындайтын жекеменшік білім мекемелерінің саны азайған жоқ. Керісінше, бағасы да артып, баласы үшін білімді аямайтын ата-ана ауылдан қалаға сабылып жүр. Не істеуге болады? Ата-ананың қалтасынан шыққан әр тиын білімге кетіп жатыр ма әлде далаға ма? ХХІ ғасыр ақпарат пен технологияның дамыған кезеңі десек, елімізде жаңадан іске қосылып жатқан «Daryn.online» жобасы бұл мәселенің шешімін таба ала ма? 


Daryn.online — Қазақстандағы бонус төлеу арқылы баланы ынталандыруға жетелейітн онлайн режимде білім беретін бірегей платформа.

Дарын онлайн жобасы туралы

1. Қазақстандағы білім беру жүйесі зерттеліп, мемлекеттік стандартқа сәйкес пәндер бойынша жоспар құрастырылды.

2. Сабақты түсіндіру форматы анықталды.

Формат үш типке бөлінеді:

-   Классикалық сабақ

-   Интерактив сабақ

-   Практикалық сабақ

3. Еліміздегі ең үздік мұғалімдер таңдалып алынды. Сол мұғалімдермен ұзақтығы бес минуттан аспайтын видеосабақтар түсірілді.

4. Оқушының зейіні сабақта болуы үшін видео барысында 1 минут өткен сайын сұрақтар қойылып отырады.

5. Оқушы бес минуттық сабақты көріп болғаннан соң 10 сұрақтан тұратын тестке жауап береді.

6. Тестке жауап бергеннен кейін үш деңгейлі тапсырмалар беріледі.

А деңгейінде - жеңіл тапсырмалар, В деңгейіне - орташа деңгейлі тапсырмалар, С деңгейіне күрделі тапсырмалар беріледі. Оқушының дұрыс жауаптары "дарын" (d) бонусымен бағаланады. 

Неге сабақтың ұзақтығы 5 минут қана?

1. 5 минутта тақырып нақты, қысқа түсіндіріледі.

2. Оқушыны  жалықтырмайды.

3. Баланы шешім қабылдауға үйретеді.

4. Ауқымды тақырыптарды 5 минутта оқушыға жеткізудің түрлі әдістері қолданылады.

5. Оқушының сабаққа назар аударуын үйретеді. Себебі әр минут сайын видео тоқтатылып, экраннан тақырыпқа байланысты сұрақтар шығарылып отырады. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, видео әрі қарай жалғасады. Ал егер жауап қате болса, алдыңғы минутты қайта көруге тура келеді.

6. Қысқа сабақтарды қызығып көру арқылы оқушы тұрақтылыққа үйренеді.

7. "Теңіз тамшыдан құралады" дегендей, осындай видеосабақтар арқылы оқушы пәнді толық меңгере алады.  

Жобадағы әрбір пән еліміздегі барлық баспалардың кітаптарын терең зерттеу арқылы жүзеге асып отыр.

Daryn.Online бонус берілетін бағдарламасы туралы

Daryn.online жобасында оқушылардың сабаққа деген құлшынысын аттыру үшін “daryn (d.)” деп аталатын валюталық бонус беріледі.  1 daryn = 1 теңгеге бағаланады.

"Daryn"-ды қалай жинауға болады?

1) Төлем жасау арқылы:

Daryn.Online платформасында  жасалған әрбір төлем үшін 5% cashback автоматты түрде қайтарылады.

2) Рефералды сілтеме арқылы:

профильдегі сілтеме арқылы келген әрбір оқушы пәндер сатып алса, онда 10 % cashback түседі.

3) Әр видеоны толық көріп шықса, видео ұзақтығына байланысты daryn беріледі.

4:01-5:00 - 5 daryn

3:01-4:00 - 4 daryn

2:01-3:00 - 3 daryn

1:01-2:00 - 2 daryn

0:01-1:00 - 1 daryn

Видеоны өткен соң  тапсырмаларды ашуға мүмкіндік беріледі.

3) Тапсырма орындау арқылы:

Тапсырмалар екі типке бөлінеді:

1. 10 тест тапсырмасы. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 daryn беріледі.

2. Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі:  3 сұрақ, әр сұраққа -2 daryn

В деңгейі: 2 сұрақ, әр сұраққа - 3 daryn

С деңгейі: 1 сұрақ, әр сұраққа - 4 daryn

"daryn (d.)" валютасын қайда жұмсауға болады?

Дарын бонустарымен платформа ішінде сабақ сатып алу үшін төлемдер жасауға, тест сұрақтарына көмек алу үшін қолдануға болады. 1 көмек = 3 daryn.

Ең көп дарын бонустарын жинаған оқушылар арасында Рейтинг анықталады.

Дарын ұпайлары арқылы оқушылардың республика, қала, мектеп бойынша рейтингін көруге болады. Яғни, осы арқылы оқушылар арасында жарыс жүреді де, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады.

Жобадағы  әрбір видео сабақтың ұзақтығы - максимум 5 минут. Яғни, 5 минутта бір тақырыптың теориясы түсіндіріліп, мысалдар келтіріледі.

Жобаның ұстанымы

Қалада да, ауылда да барлық жерде қол жетімді, өте жоғарғы дәрежеде сапалы білім беру. 

Қазақстанда 2020-2021 жылға дейін бүкіл ауыл-аймақтарында интернет қол жетімді болады. Сол жоспар бойынша қазіргі заман талабына сай онлайн білім беру жүйесіне, мектепке қосымша білім беру көзі ретінде көшуге тура келеді.

Daryn.online жобасы - Қазақстанның білім саласындағы соңғы ең үздік тәжірибелер жиынтығы. Аталған жоба арқылы еліміздегі ең үздік мұғалімдермен Қазақстанның білім сапасын көтеруге болады деген үлкен сенім бар.

Ескерте кету керек, Daryn.online жобасының алғашқы нұсқасы осы жылдың 15 қыркүйегінде іске қосылады.