Weekend

Қазақ жазушысына ортаңғы саусағын көрсеткен Аюрзана кім?

Моңғол жазушысы әрі ақыны

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елордада «Азия елдері қаламгерлерінің І форумы» өтіп жатыр. Әр елден келген ақын, жазушы өздерінің баяндамаларын оқып, қазіргі әдебиет айналасында болып жатқан өзекті мәселелерге тоқталды.

Осы форумның форсайт күні қаламгерлер ойларын ортаға салып, қоғамдық мәселенің де көбесін сөкті.

Сахнаға шыққан қазақ жазушысы Қадеш Жұмаділов Шыңғыс хан туралы әңгіме өрбітті.

- Бір өтірік мың өтірікті туғызады. Өтірікті арқалап жүріп, қалай шыдаймыз. Қаламымызды шыңдайтын күш - шындық. Бұл бәрімізге ортақ нәрсе. Бәріңіз шындықты айту үшін қалам ұстап жүрсіздер. Бүкіл Азияны жайлаған, Еуропаны билеген Шыңысханды моңғол демейік. Кейінгі ұрпаққа тарихты таза күйінде өткізейік. Бұрынғы империялық саясаттың кемшілігін түзейік. Осы шындықты қалыптастыруға көмектесейік. Біздің қазақтың сөзін біреу тыңдаса, біреу тыңдамайды. Қазір түріктерден қауіптенетін ештеңе жоқ. Қазір біз өз бабамызды қайтарып алуымыз керек. Оның ұрпақтары, төрелер бәрі Қазақстанда. Осы күнге дейін Шыңғыс ханды иемденіп келген моңғолдарға рақмет», - деп сөзін аяқтаған жазушының Шыңғысхан туралы айтқан сөзі залда отырған моңғол жазушысы Гун Аюрзанаға ұнамаса керек, ортаңғы саусағын көрсетіп, залдан шығып кетті.

Сонымен, мәдениеттің төменгі деңгейін көрсеткен моңғол жазушысы кім?

Гун Аюрзана

Аюрзана Гун-Аажав 1970 жылы Баянхонгорда дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Ресейге, Мәскеуге оқуға кеткен. Максим Горький атындағы Әдебиет институтының «Әдебиеттану» факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған. Моңғолияға оралғаннан кейін, 1994-2000 жылдары журналист болып жұмыс істеді. 1991 жылы Аюрзана әйгілі заманауи ақын Өлзийтөгске үйленді. Қазір олардың үш баласы бар: екі ұлы мен қызы.

24 жасында Аюурзана өзінің алғашқы «Балалық шақ өлеңдері» («Infant poems») атты кітабын шығарды. Оның жетінші өлең кітабы 2009 жылы, сондай-ақ топтама өлеңдері 2013 жылы «Медитация» («Meditations») деген атпен жарық көрді.

Оның алғашқы «Иллюзия» («The Illusion») романы (немесе «Сиқырлы сағым»(«The Magic Mirage»)) 2003 жылы жарық көрді. Романда коммунистік кезеңдегі қарапайым моңғол отбасы мен олардың ұрпақтарының социализмнен кейінгі өмірі суреттеледі. Роман «Алтын қауырсын» ұлттық әдеби сыйлығына ие болды. 2005 және 2007 жылдары Аюрзана өзінің «Он арманның қарызы» («The Debt of Ten Dreams») және «Жаңғырықтан туған» («Born of Echo») романдарын жариялады. Бұл үш роман «Өлген адамның өмірі» («The Life of Dead Man») пьесасымен бір уақытта жарияланып, бір трилогияға айналды. 2006 жылы АҚШ-та Аюрзана мен Өлзийтөгстің үш поэтикалық оқулары ұйымдастырылды: Индиана университетінде, Айова университетінде және Вашингтондағы Моңғолия мәдени орталығында.

Оның Солтүстік Моңғолиядағы бақсылық туралы «Бақсы аңызы» («The Legend of the Shaman») атты романы 2010 жылы Ұлан-Батырда басылып шығып, заманауи моңғол әдебиетінде көп оқылатын кітаптардың біріне айналды. Роман моңғол ұлттық радиосы арқылы толық мәтінмен таратылып, «Алтын қауырсын» жүлдесін жеңіп алды. Монғолияның Гоо Марал академиясы бұл романды «ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы – 2001-2010 жылдардағы ең үздік әдеби шығарма» деп атады.

Аюрзананың өлеңдері 30-дан астам тілге, оның ішінде венгр, серб, македон, түрік және мальт тілдеріне аударылды. «Өлі құстың қанаты» («The Wing of Dying Bird») мен «Бақсы аңызы» («The Legend of the Shaman») романдарының кәріс тіліндегі аудармасы және «Он арманның қарызы» («The Debt of Ten Dreams») романының орыс тіліндегі аудармасы оқырмандар арасында үлкен резонанс туғызды. Мәскеу әдеби институтының профессоры С.М.Казначеев орыс, поляк, жапон, кәріс және ағылшын тілдеріне аударылған «Қарлы романс» («Snow Romance») қысқа әңгімесін Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» («The Old Man and The Sea») атты повестімен бір деңгейдегі шығарма ретінде көрсетті.

Оның соңғы «Қасиетті Хангай тауларының құпиялары» («Mysteries of Sacred Khangay Mountains», 2017) және «Рух формуласы» («Spirit Formula», 2019) атты романдары бұрынғы «Шүгден» («Shugden», 2012), «Ақ, қара, қызыл» («White Black Red», 2014) және «Пульс» («The Pulse») (2015) сияқты романдардың сарынында жазылған.

2009 жылы Аюрзанаға өз елінің мәдени саласындағы ең беделді марапат болып есептелетін «Құрметті Мәдениет қайраткері» атағы берілді.

2000 жылдан бастап ол штаттан тыс жазушы болып табылады.

Бұдан бөлек жазушының facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасы бар. Парақшаға 53 164 адам жазылған. Ал жазушының өзі пайдаланатын жеке аккаунты Ayur Gun деген атпен тіркелген.

Деректер asianlitforum.kz сайтынан алынды