Спорт

Хабиб пен Порьенің жекпе-жегін қайдан, нешеде көруге болады?

Түн жарымда болады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

7 қыркүйек күні Абу-Дабида өтетін UFC 242 турнирінің басты жекпе-жегі жеңіл салмақ чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен уақытша белбеудің иесі Дастин Порьенің кездесуі өтпек.

Бұл турнирді Setanta Sport мен Ресейдің Бірінші арнасы көрсететін болады. Турнирдің өзі Нұр-Сұлтан сағатымен 21.00-де басталады, ал Хабиб пен Дастиннің кездесуі, шамамен, түнгі сағат 02.00-де басталмақ.

Бұл турнирде Хабибтен басқа Зубайра Тухугов, Ислам Мачахев, Шамиль Абдурахимов өнер көрсетпек.