Саясат
АҚШ араласа ма?
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Гонконгтағы наразылық акциясына қатысушылар АҚШ президенті Дональд Трамптан қаланы құтқаруды өтінді. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Наразылық акциясы барысында демонстранттар америка жалауы мен демократиялық ұрандары бар плакаттарды алып жүрді. Сондай-ақ олар "Еркіндік үшін күресіңіз, Гонконгты қолдаңыз" және "Пекинге қарсы тұрыңыз, Гонконгты босатыңыз" деген ұрандарды айтты.
- АҚШ Қытаймен сауда соғысын жүргізіп жатқанда, біз оларға, қытай ықпалындағы топтар Гонконгтағы адамдардың құқықтарын бұзатынын және полицейлік қатыгездікке ықпал ететінін көрсетуімізге жақсы мүмкіндік туып отыр, - деп хабарлады журналистерге наразылық білдірушілердің бірі.