Экономика

Джон Рокфеллер : Қалай миллион табуға болады?

Ең алғашқы миллиардер

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Егер сіз қарапайым адамнан миллиардерлер қалай ақша тауып, байып үлгергенін сұрасаңыз, көбі "олардың жолым болды" деп жауап береді. Ал екінші бір топ олардың уақыттарын үнемдегендерін айтса, тағы біреулері бұл тағдыр деп ойлайды. Шындығында әр бай адамның жетістікке жету жолы немесе тариxы болады. Сонымен, қалай миллиардер болуға болады? Бүгін біз  әлемдегі алғашқы миллиардер Джон Рокфеллердің өмірін қарастырамыз. Оның нақыл сөздері арқылы өмірімен танысатын боламыз.

- "Мен бұл өмірде кім болатынымды ешқашан білмейтінмін, бірақ өзімнің үлкен дүние жасау үшін туылғанымды сезетінмін" - Д. Рокфеллер.

- "Ол менімен жиі саудаласатын, менен түрлі қызметтерді сатып алатын. Ол маған сатып алу мен сатуды үйретті. Менің әкем мені байлыққа  «сүйреді»! (Д. Рокфеллер).

Сонымен,  7 жасар кәсіпкердің алғашқы ісі күркетауық өсіру болды. Кейде ол көршілердің бақшаларында картоп қазып ақша табатын. Алғашқы 50 долларды жинап алған 13 жастағы Джон таныс фермерге 7,5% жылдық есеппен несие береді. Жігіт тапқан және жұмсалған ақшаны арнайы кітапшаға жазып отырады. Мектепті бітірген соң, Рокфеллер Кливленд колледжіне оқуға түсті. Бірақ та көп ұзамай оны тастап кетті. Ол үш айлық курсты оқып та есепші бола алатындығын түсінді. Сондықтан да бірнеше жылды оқуға сарп етудің қажеті жоқ деп түйді. 16 жасында Джон Hewitt & Tuttle жылжымайтын мүлік және тасымалдау компаниясында бухгалтердің көмекшісі болып жұмысқа тұрады. Іскер және ақылды Рокфеллер жұмысынан 600 доллар жалақы алатын еді. Алайда басқа әріптестерінің 2000 доллар жалақы алатынын білген кезде, жұмыстан кетіп қалады. Өйткені басшылық маған әділетсіздік жасады деп ой түйген. Және де Hewitt & Tuttle Рокфеллердің бірінші және соңғы жалдамалы жұмысы болды.

- "Күні бойы жұмыс істейтін адамның ақша табуға уақыты жоқ" - Д. Рокфеллер.

1857 жылы ағылшын кәсіпкері Джон Моррис Кларк және 18 жастағы Джон Дэвисон Рокфеллермен бірігіп капитал құрады. Ол ет, астық және шөп сатумен айналысып, компания  «Кларк пен Рочестер» деген атау береді. Бұрынғы жұмысынан шығарылғаннан кейін компанияның жинақ ақшасы 800 долларды құрады. Сондықтан Джон әкесінен 10% есеппен 1200 доллар қарыз алады. Біраз уақыттан кейін оңтүстік штаттар Англиядан тәуелсіздігін жариялап, Америкада азаматтық соғыс басталды. Федералды билікке үлкен азық-түлік керек болды, сондықтан Кларк пен Рочестер жақсы ақша табуға мүмкіндік алды. Осы мақсатта Рокфеллер беделді банкирлердің біреуін несие беруге көндірді. Кейіннен компания тез арада аяққа тұрып, армияны азық-түлікпен қамтамасыз етушілердің бірі болды.

- "Мен кез-келген апаттың өзін мүмкіндікке айналдыруға тырыстым" - Д. Рокфеллер.

1850 жылдардың аяғында Джон химик Сэмюэл Эндрюспен кездеседі. Ол Рокфеллерді мұнайды қайта өңдеп, керосин шығаруға болатына сендіреді. Осылайша «Эндрюс пен Кларк» деп аталатын, Кливлендте мұнай өңдеу зауыты салынады. Сонымен қатар, 1859 жылы ашылған Пенсильваниядағы Эдвин Дрейк кен орнынан темір жолмен мұнай сатып алып, тасымалдауға кірісіп кетеді.

- "Бизнеске негізделген достық достыққа негізделген бизнеске қарағанда жақсы" - Д. Рокфеллер.

1864 жылы Рокфеллер серіктес Джон Моррис Кларкты тек мұнаймен ғана айналысуға көндіре бастайды. Алайда оған  жолдасы  келіспейді. Содан кейін болашақ миллиардер серіктестің үлесін 72,500 долларға сатып алып, толығымен мұнай бизнесімен шұғылданады.

- "Кез келген жетістікке жету үшін табандылықтан басқа қасиеттің қажеті жоқ деп ойлаймын. Табандылық бәрін, тіпті, табиғат заңдарын да жеңе алады" - Д. Рокфеллер.

Джон 1870 жылы досы және серіктесі Генри Флаглермен бірге Джон Рокфеллер Standart Oil-ді құрды. Ол мұнай өндірісі мен мұнай өңдеу нарығындағы ең ірі, негізгі компания болуы керек еді.

Компания қызметкерлерін қызықтыру және ынталандыру үшін алдымен жалақы акциялармен төленді. Қызметкерлердің табысы компанияның табысына байланысты болды. Standart Oil үшін басты мәселе - бәсекелестер және сұраныстың артуы болды. Осы орайда Рокфеллер лас әдістерді қолдануға мәжбүр болды. Америкалықтар ұнатпайтын, шығыны көп бизнестерді игере бастады. Джон теміржол басшыларымен тасымалдау құнын барреліне 35 центтен 10 центке дейін төмендетуге келісті. Бұл Standart Oil компаниясына мұнай бағасын басқаруға мүмкіндік берді. Рокфеллер өзінің жеке бизнес-желісін құрып, мұнай бизнесіндегі барлық ойыншылар туралы ақпаратты жария етті. Джон Рокфеллер бәсекелестерге оның империясының бір бөлігі болуды ұсынды немесе толығымен жоямын деп қорқытты.

1880 жылы мұнай бизнесінің 90%-дан астамы Рокфеллер компаниясының қолында шоғырланды. Монополист болғаннан кейін «Стандарт Ойл» мұнай мен мұнай өнімдеріне өзіндік, қолайлы бағаны белгілеп, мемлекет пен қарапайым азаматтардан үлкен ақша таба бастады. 

1890 жылы Америка Құрама Штаттарында монополиялық сенімдерге тыйым салатын Шерман заңы қабылданды. Рокфеллер ұзақ уақыт бойы өз жұмыстарын жалғастырып келді. Дегенмен 1911 жылы Standart Oil 34 шағын компанияларға бөлінуге мәжбүр болды. Олардың кейбіреуі әлі күнге дейін АҚШ-тағы ең ірі мұнай компанияларының бірі болып табылады. Алайда бұл Рокфеллердің табысына әсер етпеді, өйткені барлық фирмалардағы бақылау үлесі оның қолында қалды.

- "Үлкен шығындардан қорықпаңыз, кішкене кірістерден қорқуыңыз керек" - Д. Рокфеллер.

"Стандарт Ойл" жыл сайын Джон Рокфеллерге 3 миллион доллар табыс әкеледі. Оның 16 теміржол және темір металлургия компаниясы, 9 жылжымайтын мүлік компаниясы, 6 тасымалдау компаниясы, 9 банк және 3 апельсин бағы бар. 1917 жылы Джон Рокфеллердің байлығы 1 миллиардтан астам АҚШ долларына бағаланып, Америка Құрама Штаттарының ІЖӨ-нің 2,5% құрады. АҚШ-та өндірілген мұнайдың 80 пайызға жуығын Рокфеллер сатқан. 

- "Мен уақытының барлығын ақша табуға арнаған адамнан артық масқара әрі бейшара адамды білмеппін" - Д. Рокфеллер.

Капитал табумен қатар Джон үшін маңызды дүние - отбасы болды. Джон үлгілі отбасының күйеуі, төрт баланың әкесі және діндар адам болған. Студент кезінде болашақ әйелі Лаура Селестина Спелманмен кездесті. Ол мұғалім болып жұмыс істеген. Және де Рокфеллер сияқты ақылды жан болған. Бірде миллиардер "оның кеңесі болмаса, мен де кедей болып қалатын едім" деп айтқан екен әйелі жайлы. Джон балаларына тауар-ақша қатынастарын кішкентай кезінен бастап үйреткен. Олар бақшаны тазалағаны үшін, жақсы оқығаны үшін ынталандырып ақша беріп отырған. Сонымен қатар кешкі асқа кешіккені үшін айыппұл төлеген. Барлық балалар Рокфеллердің өзі сияқты буxгалтерлік кітапшалар жүргізген. Әкесі қайтыс болғаннан кейін оның балалары бүкіл капиталды мұрагерлікке алды.

- "Менің міндетім - көп ақша табу, одан да көп ақша табу, тапқан ақшамды отандастарымның пайдасына, ар-ұжданымның талабына сай пайдалану" - Д. Рокфеллер.

Джон Дэвисон Рокфеллер тек кәсіпкер және саудагер ғана емес, сонымен бірге филантроп ретінде де танымал. Ол баптисттік шіркеуге, шамамен, 100 млн доллар инвестиция құйған. 1892 жылы Чикаго университетін, ал 1901 жылы Рокфеллер университетін құрды. Оның ақшасымен БҰҰ-ның қазіргі штаб-пәтері, Эмпайр-Стейт-құрылыс ғимараты, сонымен қатар бизнес-орталық - Рокфеллер орталығы салынды.  Джон Рокфеллер өз өмірінде қайырымдылыққа жарты миллиардқа жуық қаражат жұмсаған.

- "Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз - бай болу болса, сіз оған ешқашан қол жеткізе алмайсыз" - Д. Рокфеллер.

Джон Дэвисон Рокфеллер 100 жасқа небәрі 2 жыл жетпей, 1937 жылдың 23 мамырында инфаркттан қайтыс болады. Джонның балалары мен немерелері дүниежүзілік саясатқа, қайырымдылыққа араласып, әлемдегі ең ықпалды отбасылардың бірі - Рокфеллер отбасын құрады. Және де әкесі мен атасының ісін әлі күнге дейін жалғастыруда.