Неше жаста үйленген абзал?

Еліміздегі шаңырақ құрып жатқан жастардың орташа жасы нешеде?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Байырғы заманда он үште отау иесі атанып, оттың басын ерте түтетін жастар бүгінгі таңда шаңырақ құруға асықпайтын болып кеткен. Оның себебі неде?

Ақпарат жинай келе, үй болуға асықпаудың басты себебі – тәуелсіз болуға асыққан заманның талабы деген ой түйдім. Университет қабырғасын 21-22 жаста бітірген мамандар тағы да бірнеше жыл еңбек жолын жалғап, жеке бас жетістіктерін қудалап уақыт созып жүр. Қазақи ортада қыз баласының жасы 24-тен аса бастаса, «отырған қыз» атана бастайтын кездер ақырыңдап алыстап барады.

Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары шаңырақ көтерудің орташа жасы 25-29 жас есептеліп, 32,8 пайызды құраса, 27,6 пайызды 20-24 жастағы ғашықтар құрайды екен.

Одан соң ақыл тоқтатып, ес жинап, тірлігін бір жолға қоюды мақсат тұтатын 30-34 жастағы жұптар статистиканың үшінші орнына тұрақтап, жалпы көрсеткіштің 15,3 пайызын құрап отыр. Елімізде соңғы жылдары құрылған жас шаңырақтың 8,4 пайызы – 35-39 жаста, 5,0 пайызы – 40-44 жаста, 3,5 пайызы – 45-49 жаста, 2,7 пайызы – 50-54 жаста, 1,3 пайызы – 18-19 жас мөлшерін құраған екен.

Қай жаста үйленген дұрыс? Нешеде тұрмыс құру міндет? Таяқтық екі ұшы бар жауаптың қайсысын таңдайтыныңыз өзіңізге байланысты. Бастысы-жар таңдаудан қателеспесеңіз болғаны.