Саясат

Хиджаб үшін өртеніп өлді

Бұл оқиға әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Иранда хиджабсыз ел алдына шыққаны үшін 29 жастағы Сахар Ходаяр есімді әйел сотқа тартылды. Ол Тегеран қаласындағы спорт алаңына хиджабсыз барған екен. 

Арнайы құрылымдар оны "ислам тәртібін бұзды және ер бала сияқты киінді" деген айып тағып, сотқа тартқан. 

Парсы қызы сот алдында 9 қыркүйек күні жауап беруге тиіс еді. Алайда сот кейінге қалдырылған. Сол сәтте Сахар үстіне жанармай құйып, өзін жағып жіберген. Ол 9 қыркүйек күні көз жұмды. 

Спорттық алаңдарға қыздарды кіргізбеу тәртібі Иранда 1979 жылғы революциядан кейін орын алды. Әлемдік қауымдастық адам құқығын таптайтын мұндай әрекеттерді доғаруды қатаң талап етуде.