Саясат

Белоруссия мен Ресей бір мемлекет бола ма?

Белорустар тәуелсіздігінен айырыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресей мен Беларусь экономиканы ішінара біріктіруге келісті және іс жүзінде әңгіме конфедеративті мемлекет құру туралы болып отыр, деп жазды 16 қыркүйекте "Коммерсант" газеті.

Минск мұны растамады. 

- Тәуелсіздік - бұл қасиетті және ешқандай бірлескен басқару органдары құрылмайды, себебі елдер бұған дайын емес, - деді Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт.

"Комменсант" басылымының мәліметі бойынша, екі ел арасындағы экономикалық интеграциясымен байланысты құжатта келесі ережелер көрсетілген:

- 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап бірыңғай Салық кодексін қабылдау;

- электр энергиясы, газ, мұнай және мұнай өнімдері нарықтарының бірыңғай реттеуішін құру;

- кеден саясаты саласындағы интеграция;

- банктік және қаржылық қадағалаудың бірыңғай қағидаттары;

- "арнайы экономикалық шаралардың" бірыңғай қағидаттары туралы уағдаластық);

- 2020 жылдың 1 маусымынан бастап роумингті өзара жою.

- Интеграция бағдарламасының жобасы оған президенттер қол қойған кезде ғана бағдарламаға айналады, - деді "Наша Нива" басылымына Беларусь президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт.

- Аталған мақалада қолданылатын барлық терминдер - конфедерация, федерация және т.б. - біз журналистік мөртабан ретінде баға беруді ұсынар едік, - деді ол.

Кез келген үдерістің негізінде Беларусь пен Ресейдің тәуелсіздігі туралы тезис жатыр, деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.

- Бұл қасиетті! Қызыл жалаулар - бұл әр елдің егемендігі мен тәуелсіздігі. Интеграциялық процестерде біз экономикалық тұрғыдан қажетті қадамдарға барамыз. Ешқандай бірлескен орган құрылмайды - елдер бұған дайын емес, - деді Эйсмонт.

"Коммерсант" басылымына Кремль де түсініктеме берілді. 

- Әзірге [интеграция] жоспары анық емес. Ал мақалада жазылған ойлар болжам ғана, - деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.