Саясат

Трамп: Қытай ауылшаруашылық өнімдерін АҚШ-тан сатып алады

Бұрын-соңды жасалғандардың ішіндегі ең үлкен келісім

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай Американың ауылшаруашылық өнімдерін сатып ала бастады деп мәлімдеді. Бұл туралы Рамблер хабарлайды.

- Олар біздің ауылшаруашылық өнімдерімізді үлкен көлемде сатып ала бастады, - деді Трамп бұған қатысты.

АҚШ Президенті Қытаймен жасасқан бұл келісімді «бұрын-соңды жасалғандар келісімдердің ішіндегі ең үлкені» деп атады.

Бұған дейін Қытай Мемлекеттік кеңесінің тарифтер мен алымдар жөніндегі комитеті АҚШ-тағы бірқатар ауылшаруашылық өнімдеріне қосымша кедендік баж салығынан босатуды көздеп отырғанын хабарланған болатын.

12 қыркүйекте Трамп Қытайдың «үлкен көлемде» ауылшаруашылық өнімдерін сатып алатындығын жариялады.