Саясат
Қытай - бейбіт халық
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Елордада өтіп жатқан Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесінде сөз сөйлеген қытай өкілі Ли Чжаньшу басқа елдердің құқығы мен мүддесін таптамайтынын, әсіресе, көрші елдің мүддесімен санасуға әзір екендігін жеткізді.
- Қытайдың дамуы – бейбітшілік жолы. Біз басқа елдерді құрметтейміз әрі олармен тең дәрежеде қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Тәуелсіздік құрметтеуге тұрарлық ұғым, сондықтан кез келген мемлекет, кедей не бай болсын, үлкен не кіші болсын, бәрібір құрметке лайық. Қытай халқы – әділ әрі адал ниетті халық. Сондықтан Қытай өз мүддесін ойлау жолында өзге елдің, әсіресе, көрші елдің құқығы мен мүддесіне қайшы әрекет етуден аулақ, - деді Ли Чжаньшу.
Баяндама барысында қытай өкілі Еуразия елдерінің бір-бірімен жақындасып, мәдениетін игеруге ұмтылғаны жөн екендігін алға тартты.
- Мәдениет – сарқылмайтын байлық. Оны таныту қажет. Сондықтан Еуразия кеңістігінде елдердің мәдениет, білім беру, туризм мен спорт, БАҚ пен жастар саласында бірігіп, бірге жұмыс істегені абзал. Сонда халықтар бір-бірімен жақындасып, бір-бірін терең түсінуге жол ашылар еді, - дейді комитет төрағасы.