Саясат
Митингінің себебі не болды?
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қазақстаннан келген отбасы Австрияда 2015 жылдан бері тұрады. Олардың 8 және 10 жастағы балалары бар. Төрт жыл тұрып келе жатқан отбасы неміс тілін үйреніп, сол жердің аурасына тез сіңісіп кеткен. Дегенмен тамыз айының соңында қазақстандықтарға Австрия билігі баспана беруден бас тартқан. Оның себебі де, отбасы мүшелерінің аты-жөні де белгісіз. Бұл туралы шетелдік басылым жазады.
«Олар әртүрлі фестивальдарға қатысып, көшет отырғызу секілді қоғамдық қызметке жақсы араласады. Көп уақыт бойына олар біздің жанымызда жүріп, өз отбасымыздай болып кетті, әрине қапалымыз, оларды қайта Отанына жер аударудың себебін де түсіне алмай отырмыз», - деді жергілікті тұрғын Мариан Хорецедер.
«2013 жылы 2 және 4 жасында балаларымызды ұрлап, бізді бопсалаған. Осылайша біз ол жақтан кетуді ұйғардық», - дейді Австрияға бас сауғалап барған Қазақстан азаматтары.