Bugin

Атырау облысының полиция басшысы парамен ұсталды (Видео)

Көлік жөндетпек болған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Атырау облысының Полиция департаментінің бірқатар басшылары пара алды деген айып тағылып отыр. Атап айтар болсақ, полиция департаментінің тылды қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылық басшысы мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалуда.

- Олар жекеменшік компанияның басшысынан автокөлікке қызмет көрсету бойынша келісімді дайындап бергені үшін 2,5 млн теңге пара алған. Ал компания көліктерді жөндегені үшін 37 млн теңгедей қызметақы алмақ болған, - деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Тәртіп сақшыларын агенттік қызметкерлері 24 қыркүйек күні пара алу кезінде ұстаған. Полиция бастығының қалтасынан 800 мың теңге, оның орынбасарынан 1 млн 200 мың теңге табылды.

Қазір тергеу амалдары жасалуда. Шешімді сот шығаратын болады.