Bugin
Өзбектер бірінші рет естіп отыр мұны
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Түркістан облыстық «Нұр Отан» партиясының өкілдері Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу кезінде Түркістандағы өзбектерді солтүстікке көшіру туралы ойларын айтты. Ал «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бейсен Дәулетұлы өзбектерді «Еңбек» бағдарламасына белсене қатысып, солтүстік өңірлерге барып еңбек етуге шақырды.
- Біздің өңірімізде 400 мың еңбек сүйгіш өзбектер қоныстанған. Егер олар аталмыш бағдарламаға қатысса, солтүстіктен баспана мен жұмыс беріледі. Солтүстік облыстар гүлденер еді. Оңтүстіктегі жұмыссыздық мәселесі шешіліп, жұмыс күші жетіспей жатқан солтүстікке демеу болар еді, - дейді Дәулетұлы.
Айта кеткен жөн, мұндай стратегиялық бастамаға өзбек этносының өкілдері бірінші рет қатысып отыр. Әрі отырыс барысында 52 отбасы солтүстікке көшуге дайын екендігін жеткізген.