Экономика
Қанат Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасын көрші елдердегі бағамен салыстырды
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасын көрші елдердегі бағамен салыстырды.
Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің басшысы мұнай өнімдері саудасының жағдайы тұрақты екенін және жанар-жағармай материалдарының тапшылығы байқалмайтынын жеткізді.
"Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасының орташа құны - 154,8 теңге. Елімізде дизель отынының бір литрі - 193,2 теңге. 10 желтоқсанда мұнай базаларында жанар-жағармай материалдарының қоры ішкі саудадағы сұранысты қамтамасыз ету әбден мүмкіндігі бар екенін көрсетті: бензин қоры АИ-92 - 267,5 мың тонна, дизель отыны - 143,2 мың тонна. Салыстыру үшін: Ресей Федерациясында бензин бағасы - 230,5 теңге, Өзбекстанда - 273 теңге, Қырғызстанда - 234 теңге. Дизель отыны Ресейде - 246,5 теңге, Қырғызстанда - 250,8 теңге, Өзбекстанда - 208 теңге", - деді министр үкімет отырысында.
Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев Қазақстанда отын бағасы көтерілмесі үшін Қазақстаннан уақытша дизель отынын шығармау заңнама аясында жасалып, Еуразиялық экономикалық одақтың келісімдеріне зиян келтірмейтінін айтады.
Дереккөз: tengrinews.kz