Weekend

Асаубек Айымбетов: Өмірге қайта келсем, дәл осылай өмір сүретін едім

"Пруст сауалнамасы" біздің сайтта

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында пруст сауалнамасы кең қолданыла бастады. Оның шарты бойынша шақырылған, жауап беруші қонақ сауалнама сұрақтарына қысқа, нақты, шынайы жауап беруі қажет. 

Осы "Пруст сауалнамасын" біз де жүргізген болатынбыз (сауалнама сұрақтарына кішігірм өзгерістер енгізілді). Назарларыңызға журналист, тележүргізуші Асаубек Айымбетовтің берген жауаптарын ұсынамыз.

1. Ер адамның бойындағы сіз бағалайтын қасиет?

Еңбекқорлық. Еңбек ету – ер адамға тән қасиет. Еңбектенбеген, жұмыс істемеген ер адамды еркек деген атқа лайықты емес деп айта аламын.

2.Сіздің басқалардан ерекше қабілетіңіз қандай?

Ол – дипломатия және компромистік қабілет.

3.Сіздің түсінігіңіздегі бақытсыздық деген не?

Бақытсыздық – таңертең ұйқыдан басқалар секілді күліп ояна алмау, ас іше алмау, жаяу жүре алмау, жақсы ойлай алмау. Жалпы қарапайым дүниелерден ләззат ала алмау – үлкен бақытсыздық секілді.

4. Егер өмірге қайтадан келсеңіз, кім болып өмір сүруді қалар едіңіз?

Өмірге қайта келсем, дәл осылай өмір сүретін едім. Өзгерісті қаламаймын.

5.Сіз қай жерде өмір сүруді армандайсыз?

Ата-анамның, бауырларымның, жақындарымның қасында өмір сүруді қалаймын.

6.Шынайы өмірдегі сүйікті кейіпкеріңіз кім?

Ол – менің анам. Ол кейіпкер бұрын болмаған, алдағы уақытта болмайды да. Ол – қайталанбайтын жаратылыс.

7.Сіздің ең басты кемшілігіңіз не?

Ең басты кемшілігім – ашушаңдық.

8.Ең сүйіктіісіңіз немесе немен айналысқанды ұнатасыз?

Адамның ой-өрісіндамытатын кинолар көру және табиғат аясында демалу.

9.Сіз бұл өмірде нені қатты жеккөресіз?

Жалқаулықты жек көремін.

10. Қалай өлгенді қалар едіңіз?

95 жаста, немерелерім мен шөберелерімнің арасында...

11.Өмірге келудегі өз миссияңызды айта кетсеңіз...

Менің миссиям – өзімнен кейінгі толқынға үлгі болу және ата-анамның үмітін ақтау.

12.Сіздің түсінігіңізде тұлға деген кім?

Тұлға – алысты көре алатын, қиын жағдайда парасатты әрекетке баратын адам.

13.Идеалды әлемдегі идеалды өзіңізді қалай елестетесіз?

Идеалды әлем, идеал адам деген түсінік жоқ деп ойлаймын. Бірақ идеалға келтіретін болсақ, ерік-жігері мықты, қиындықтан сабақ ала білетін адам ретінде көре аламын.

14.Есіміңіздің тарихта кім ретінде қалғанын қалайсыз?

Грэмми сыйлығын алған журналист немесе Оскар сыйлығын алған әртіс.

15. Сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Өмірде болып жатқан оқиғаның барлығы бір жақсы нәтижеге алып келеді.