Саясат
Ердоған: Пәкістан Түркия берген әскери-теңіз кемесінің пайдасын көретін болады
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Түркия Пәкістан үшін әскери-теңіз кемесінің құрастыру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Түркияның «Анадолу» мемлекеттік агенттігі жексенбіде.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жаңа түрік әскери-теңіз кемесін іске қосу және Пәкістан Әскери-теңіз күштеріне сатылатын әскери кеменің құрылысын бастау жайлы қос рәсімге қатысты.
Хабарда Түркияның әскери-теңіз флотына пайдалануға берілген әскери кеме TCG Kinaliada, Пәкістан үшін салынатын әскери кеме MILGEM деп аталғаны жазылған.
Пәкістан 2018 жылдың шілдесінде Түркиядан MILGEM класты төрт кемесін сатып алу туралы келісімшартқа қол қойған болатын.
Әскери-теңіз күштерінің бас адмиралы Зафар Махмуд Аббаси мен президент Ердоған салтанатты рәсім барысында MILGEM Ada кластағы төрт квететтің біріншісінің алғашқы металл тақтасын қиды.
Осыған орай сөз сөйлеген Ердоған Пәкістан Түркия берген әскери-теңіз кемесінің пайдасын көреді деп үміттенетінін айтты.
- Біздің әскери теңіз күштері үлкен жеңіске жетті, - деді ол.
Ол тағы да Түркия қорғаныс саласының жетістіктерін мақтан тұтатынығын білдірді.
Радардан жасырына алатын сүңгуір қайыққа қарсы MILGEM фрегаттар (қорғаушы кемелер) Пәкістан әскери-теңіз күштерінің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыра түсетінін айта кету керек.
Әірше, Түкрия екі фрегат кемені жасап шығарғалы отыр, кейін екеуін Пәкістанға апарып құрастырмақ.