Bugin

Асхат Маемиров жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына директор болып Асхат Маемиров тағайындалды.

Бұған дейін А.Маемиров Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарды. Айта кетейік, «Қаллеки» театрын бұған дейін Жаудыр Айболат басқарған болатын.

Асхат Максимұлы 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1991-1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алған. 1996 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма режиссері мамандығы бойынша бітірді.

2008 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясымен Сорбонна университетінде және Париж ұлттық өнер консерваториясында білімін жетілдірді. 2010 жылы Ресей театр өнері институтының магистратурасын тәмамдады.

Елорда Инфо