Саясат

Сауд Арабиясы Иранға шабуыл жасауды қарастыруда

Иран да кек қайтарары анық

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Сауд Арабиясы Иранға шабуыл жасауды қарастыруда, деп хабарлайды «Nationalinterest» сайты.

Мәселенің түйіні: Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауынсыз қарымта  шабуыл жасамауы мүмкін, бірақ Тегеран олай ойламайды.

Сауд Арабиясының Абқайық пен Хураидағы мұнай нысандарына жойқын шабуыл жасағаннан бері екі апта өтсе де көкейде бір маңызды сұрақ  қалады: АҚШ пен Сауд Арабиясы бұған жауап ретінде не істемек?

Екеуі де Иранның шабуылдарға тікелей кінәлі екендігі туралы дәлел келтіруге тырысуда. Егер олар Иранның кінәлі екенін дәлелдейтін болса, Тегеранды одан әрі дипломатиядан оқшаулай түседі, бұл радикалды реакцияға жол ашуы мүмкін.

Алайда Сауд Арабиясы қиын жағдайда қалды. Егер ешқандай шара қолданылмаса, Иран АҚШ-тың ірі серіктестеріне қарсы агрессияны жалғастырып, АҚШ-ты санкцияларын жеңілдетуге мәжбүрлеуі мүмкін. Өйткені Эр-Риядтың негізгі күш-қуатын ескерсек, Эр-Рияд Тегеранмен шиеленісті азайтуға шамасы келмейді.

Егер Сауд Арабиясы өзінің абыройын қалпына келтіру үшін Иранға шабуыл жасаса, Иран қайта кек алады.  Сол арқылы  Саудияның өмірлік маңызы бар энергетикалық инфрақұрылымын елеулі шығынға ұшыратары анық. Әрекет ету туралы қысым күшейген сайын Сауд Арабиясы Иранға қарсы қайтарма шабуылға өтудің белгілі бір тәсілін қолдану туралы тәуекелге баруы тиіс екенін сезіне бастады.

Америка Құрама Штаттары өзінің назарын және ресурстарын Ресей мен Қытаймен күшті бәсекелестікке бағыттап жатқандықтан, Таяу Шығыстың тағы бір жанжалына араласудан қатты алаңдайды.

Тиісінше, егер Иранның қарсыластарының бірі Абқайық және Хураис шабуылдарына әскери жауап қайтаруы тиіс болса, онда бұл операцияға саудиялықтардың өздері жетекшілік етуіне тура келетін сияқты. Бұл ойды америкалық әскери кеңесшілер АҚШ президенті Дональд Трампқа оң шешім жасаудың бірнеше түрлі нұсқасын ұсынған кезде, оның Сауд Арабиясы кез келген кек қайтару әрекеттеріне үлес қосуы тиіс деп талап етуі растап отыр.