Саясат

Медициналық сақтандыруы жоқ иммигранттар АҚШ-қа кірмейді

Немесе медициналық шығындарды өтейтін қаржысы болуы тиіс

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ президенті Дональд Трамп медициналық сақтандыру немесе медициналық шығындарды жабатын қаражаты жоқ иммигранттардың АҚШ-қа келуіне шектеулер қоятын жарлыққа қол қойды.

Мәлімдемеге сәйкес, елге кірген иммигранттың медициналық сақтандыруы 30 күн бойы жарамды болуы керек. Олай болмаған жағдайда шетелдіктің медициналық шығындарды төлеу үшін жеткілікті қаржысы болғаны жөн. Ал екеуі де жоқтарға елге кіруге тыйым салынады.

Бұл ереже осы өкім күшіне енгенге дейін шығарылған қолданыстағы иммигрант визасы бар шетелдіктерге, сондай-ақ «арнайы иммигрант визасын» алған шетелдіктерге, АҚШ азаматтарының балаларына, IR-5 (АҚШ азаматтарының ата-аналары үшін), SB-1 (тұрақты тұрғынды қайтару үшін) визаларын, сондай-ақ IR-2, IR-3, IR-4, IH-3 немесе IH-4 визаларын иеленушілерге қолданылмайды.

Бұл өкім 2019 жылғы 3 қарашада күшіне енеді.