Саясат

Пентагон басшысы Украинаға әскери көмек көрсету туралы құжаттарды тапсыруы міндетті

Импичментті тексермек

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының үш комитетінің жетекшісі Пентагон мен Ақ үйдің басшыларына Трамптың Украинаға әскери көмек беруді кейінге қалдыру туралы шешіміне байланысты құжаттарды тапсыруды бұйырды.

Құжаттар 15 қазанға дейін Конгреске тапсырылуы тиіс. Кейін Конгресс мүшелері Трамптың Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен сөзін тексеріп, Трампқа ашылған импичменттің қаншалықты рас-өтірігін анықтамақ.

АҚШ Конгресі Пентагонға 2019 жылдың 18 маусымында Украинаға 250 миллион долларлық көмек пакетін беруді мақұлдаған болатын. Ол бойынша АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаның теңіз әскери күштеріне көмектесіп, қару-жарақтар бермек.

Алайда 24 қыркүйекте ол Украинаға көмек бағдарламасын тоқтатқанын мойындап, оның себебін Еуропалық Одақтың да Киевке қаражат бөлуіне қол жеткізгісі келгендігімен түсіндірді.