Спорт
Бұған не себеп болды?
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченконы (13-1, 10 КО) жеңіп, IBF және IBO титулдарына ие болған еді.
BoxRec.com-ның хабарлауынша, Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы Геннадий Головкинге рингке шығуға тыйым салды. Бұл кездесулерден кейін жасалатын әдеттегі шара. Спортшының қалпына келуі үшін жекпе-жек өткізуге шектеу қойылады. Деревянченкоға қатысты да осындай шара қолданылды.
Айта кетсек, кездесуден кейін екі спортшы да ауруханаға жеткізілген болатын. Деревянченко оң көзін зақымдап алса, Головкин қолын жарақаттаған.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61