Саясат
Тергеуге келуі тиіс
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Трамп импичмент аясында жауап алуға шақырылып, одан ол бас тартатын болса, бұл тергеуге кедергі келтіру боп саналмақ. Мұны АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері, демократ Нэнси Пелоси айтып отыр.
- Егер Трамп шындықты жасыруға тырысса, оны бүкіл ел білетін болады, - деді Пелоси.
Оның ойынша, Трамп 2020 жылы өтетін сайлауға қатысқысы келеді, сондықтан да заңсыз әрекеттерін жасыруға тырысып, тергеуге кедергі келтіріп отыр.
- Ал Трамптың өзі президенттікке келерде Конституцияны қорғаймын деп алып, енді оған қарсы шығып отыр. Президент мырза, сіз заңнан жоғары емессіз, сондықтан сіз жауап бересіз, - деді спикер.